Қырғызстан қазақстандық бизнесменге іздеу жариялады

127

Қырғызстанның қауіпсіздік комитеті тағы бір қазақстандық бизнесменге іздеу жариялап отыр.  

Қырғызстан қазақстандық бизнесменге іздеу жариялады Фото: akipress.org

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) "заңдағы ұры" Камчыбек Асанбектің қылмыстық тобына қаржылай қолдау көрсеткені үшін қазақстандық азамат Камалутин Халиковты халықаралық іздеуге жариялағанын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Тергеу барысында Камалутин Халиков Камчыбек Асанбектің қылмыстық әрекеттерін, оның адам өлтіру, адам ұрлау және ұйымдасқан қылмыстық қауымдастық құру бойынша бірнеше рет сотталғанын біле тұра, онымен іскерлік байланыс орнатқаны анықталды. Ол Қырғызстан аумағында бірлескен бизнес-жобалар жүргізу үшін қамқорлық іздеген. Халиков Камчыбек Асанбекпен Ыстықкөл облысындағы "Барс" демалыс орнында бірнеше рет кездескен", – делінген Қырғызстан ҰҚМК мәлімдемесінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу