Қырғызстан Қазақстаннан әкелінген 25 тонна пиязды елге кіргізбеді

375

Қаптамада қажетті таңбалаудың болмағаны хабарланды.

Қырғызстан Қазақстаннан әкелінген 25 тонна пиязды елге кіргізбеді Фото: сanva

Қырғызстан Қазақстаннан әкелінген 25 тонна пиязды елге кіргізбеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. 

29 наурыз күні "Ақ-Тілек" фитосанитарлық бақылау бекетінде Химияландыру, өсімдіктерді қорғау және карантин департаментінің инспекторлары Қазақстаннан әкелінген 25 тонна пияз елге кіргізілмеді. Қырғызстан Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, қаптамада қажетті таңбалау болмаған.

Ведомствоның хабарлауынша, таңбалаусыз карантиндік өнімді әкелу Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай фитосанитарлық талаптарын бұзу болып есептеледі. Сондықтан жүк қайтадан экспорттаушы тарапқа кері қайтарылған.

"Қолданыстағы талаптарға сәйкес, карантиндік өнім салынған әр қаптамада міндетті түрде өнімнің атауы, шыққан елі, экспорттаушы және реэкспорттаушы ел туралы ақпарат болуы тиіс", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу