Қырғызстан крематорийге тыйым салынатын заңға қол қойды

178

Туыстары іздемеген және жеке басы анықталмаған мәйіттерді тек зираттарда жерге қоюға рұқсат етіледі.  

Қырғызстан крематорийге тыйым салынатын заңға қол қойды Фото: akipress.org

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы құжатқа қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жаңа түзетулерге сәйкес, ел аумағындағы крематорийлерді тек медициналық қызмет барысында пайда болатын медициналық қалдықтарды санитарлық-термиялық жою үшін ғана қолдануға рұқсат етілетін болады.

Сонымен қатар заң қайтыс болған адамдардың денесін, сондай-ақ түсік тасталған және өлі туған шақалақтарды өртеу үшін мұндай құрылыстарды пайдалануға қатаң тыйым салады.

Медициналық биологиялық объектілерді жоюға арналған мамандандырылған құрылыстар республикалық және жергілікті бюджеттер, сондай-ақ жеке компаниялардың қаражаты есебінен салынуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу