Көршілес Қырғызстан мен Өзбекстанда жер сілкінісі тіркелді

607

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ.  

Көршілес Қырғызстан мен Өзбекстанда жер сілкінісі тіркелді Фото: emsc.eu

Жер сілкінісі Өзбекстанда да таңғы сағат 9-дар шамасында болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өзбекстанның Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Республикалық сейсмикалық мониторинг орталығының мәліметінше, зілзала қуаты 3,6 балға жеткен. Дүмпу ошағы ел астанасы Ташкент қаласынан 66 шақырым жерде тіркелді.

Бұған дейін Қырғызстанда да екі жер асты дүмпуі сезілген. Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институты таратқан мәліметінше, 27 қыркүйек күні түнгі сағат 03:00 шамасында жер сілкінген. Кейін сол күні сағат 9:38-де Қырғызстан аумағында дүмпу қайталанған.

Жерасты дүмпуі Алматыда 3-4 балл деңгейінде сезілген. Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу орталығының болжам комиссиясының қорытындысын жариялады. Сағат 10:30-дағы мәлімет бойынша, жойқын жер сілкінісі күтілмейді.

Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды сабыр сақтап, тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды. Қаладағы жағдай бақылауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу