Қырғызстан мен Тәжікстанның бірнеше компаниясы АҚШ санкциясына ілікті

214

Жалпы, санкциялар тізіміне әртүрлі елдерден 100-ден астам адам мен заңды тұлғалар енген.

Қырғызстан мен Тәжікстанның бірнеше компаниясы АҚШ санкциясына ілікті Фото: CentralAsia.media

АҚШ қаржы министрлігі Ресейге ұшақ бөлшектерін жеткізген Қырғызстан мен Тәжікстан компанияларына қарсы санкция салды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Weitmann Ресейге мәліметтерді автоматты өңдеу машиналары мен диск түріндегі сақтау құрылғыларының жүздеген партиясын жіберген.

Санкцияға Тәжікстанда орналасқан Kafolati Komil компаниясы да ілікті, ол АҚШ билігінің мәліметінше, БАӘ арқылы Ресейге шетелде жасалған ұшақ бөлшектерін жөнелтіп отырған.

Сондай-ақ, Қырғызстанда тіркелген Weitmann Handeln Allianz санкцияға ұшырады.

Шілде айында Ресей қорғаныс өнеркәсібінің қажеттіліктері үшін Ресейге электроника және басқа да тауарларды жеткізген Қырғызстанның төрт компаниясы Американың санкцияларына ұшырады.

Тамыз айында АҚШ Қазақстанда тіркелген Defence Engineering компаниясын Солтүстік Корея мен Ресей Федерациясы арасындағы қару-жарақ жеткізу келісімдеріне қатысқаны үшін санкциялар тізіміне қосты.

Қараша айында АҚШ Өзбекстанның Mvizion компаниясына санкция салған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу