Қырғызстан парламентіне алты партия өтті

676

Дауыстардың әзірге 89,5%-ы өңделген. 

Қырғызстан парламентіне алты партия өтті

Қырғызстанның алты саяси партиясы 28 қарашада өткен парламенттік сайлаудың қорытындысы бойынша елдің жоғары заң шығарушы органының құрамына кіреді, деп хабарлайды Inbusiness.kz 24.kg сайтына сілтеме жасап. 

ОСК-нің алдын ала дерегі бойынша, сайлау учаскелерінен келіп түскен хаттамалардың әзірге 89,5%-ы өңделген.

"Ата-Жұрт Қырғызстан", "Ишеним", "Ынтымақ, оппозициялық "Бутун Қырғызстан", "Ыйман Нуру" және "Альянс" партиялары 5% межеден асқан. "Ата-Жұрт" көш бастап тұр. Оған сайлаушылардың 16,27%-ы дауыс берген.

Қырғызстанның жетінші шақырылымындағы Жогорку Кенеш сайлауы аралас жүйе бойынша өтті. 54 депутат партиялық тізімдер бойынша, 36-сы бір мандатты округтерде сайланды. Қырғыз парламентіндегі 90 орынға 1,3 мың адам үміткер болды. 
2020 жылдың күзінде өткен парламент сайлауы заңсыз деп танылған еді. Оның қорытындысы жарияланған кезде, жаппай демонстрациялар басталып, президент пен үкімет ауыстырылды. 

Табиғат Нұрболат

Фото: aa.com.tr

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу