Қырғызстан президенті 20 миллион доллар тұратын мүлкін заңдастырғанын хабарлады

259

Бұл туралы Садыр Жапаров әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

Қырғызстан президенті 20 миллион доллар тұратын мүлкін заңдастырғанын хабарлады Фото: Instagram: sadyr_japarov

"Менің мүлкімнің құны шамамен 20 миллион долларды құрайды. Заңдастыру үшін мемлекетке миллион қырғыз сумын (≈11,2 мың доллар) төледім. Бұл заң бойынша талап етіледі. Менің шетелде жинаған ақшам жоқ. Бар болса, мен оларды біздің банктерде сақтар едім", – деп жазды Жапаров.

Ол кірістерді заңдастыру туралы заң 2023 жылы қабылданғанын еске салды. Бұл қырғыз байлары өз капиталын шетелде ұстамай, өз еліне әкелуі үшін жасалған.

"Жасыратыны жоқ, бәріміз (қарапайым азаматтар емес, орта бизнес деңгейінен жоғары кәсіпкерлер) өз мүлкімізді біреудің атына рәсімдеп алғанбыз. Оған қоса, еліміздің ауқатты азаматтары әлі күнге дейін миллиардтаған ақшасын шетелдік банктерде сақтауда. Бізде мұндай байлар көп. "Неліктен байлығын шетелге жасырады?" деген сұрақтың жауабы қарапайым. Осы уақытқа дейін қыруар қаржының қайдан алынғаны мен осы қаражаттан төленетін салық көлеміне қатысты көптеген сұрақтар туындады. Енді мұндай мәселе туындамас үшін бұл активтерді заңдастыруға мүмкіндік жасап жатырмыз", – деп түсіндірді Жапаров.

Ол бұл мүмкіндікті 2024 жылдың 1 шілдесіне дейін ғана пайдалануға болатынын айтты. Мемлекет заңдастырылған капиталдың сақталуына 100 пайыз кепілдік береді.

"Менің ғимараттарым бұрын басқа адамдардың атына рәсімделген болатын. Қазір мен оларды "Жарияландыру" заңы бойынша өз атыма тіркедім. Мен өзгелер үшін үлгі болғым келді және бірінші болып мүлкімді заңдастырдым", – деп жазды Қырғызстан президенті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу