Қырғызстан президенті отставкаға кетті

1192

Ол кеше ғана биліктен кетпейтінін айтқан еді.

Қырғызстан президенті отставкаға кетті Фото: rbc.ru

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков отставкаға кетті. Бұл туралы президет әкімшілігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Ол 2017 жылдың 15 қазанында өткен президент сайлауында дауыстың 54,76%-на ие болып, жеңіске жеткен еді. 24 қарашада ресми түрде қызметіне кірісті.

Мемлекет басшысы ретіндегі алғашқы сапарын Жээнбеков Ресей еліне жасаған.

Еске сала кетсек, 5 қазанда осы алаңда парламентке өтпей қалған партиялардың 2 мыңға жуық жақтасы бас көтерген еді. Олар парламенттік сайлаудың қорытындысын мойындамай, қайтадан өткізуді талап етті. Тіпті, президенттің отставкаға кетуін талап еткендер де болды. Құқық қорғаушылармен арадағы қақтығыс кезінде мыңнан астам адам жарақат алып, 1 адам қаза тапты.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу