Қырғызстан Президентінің резиденциясында Тоқаевты ресми қарсы алу шарасы өтті

540

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров бір-біріне ресми делегациялардың құрамын таныстырды, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қырғызстан Президентінің резиденциясында Тоқаевты ресми қарсы алу шарасы өтті

"Қырғызстан Президентінің "Ала-Арча" резиденциясы аумағындағы "Ақ кеме" мәрмәр шатырында Қазақстан Президентін ресми қарсы алу шарасы өтті. Құрмет Қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт беріп, Қазақстан мен Қырғызстан әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров бір-біріне ресми делегациялардың құрамын таныстырды", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу