Қырғызстан тауында көз жұмды деген альпинистің ұлы Ресей билігінен көмек сұрады

187

Ол Ресей Федерациясының Бас прокурорына, СІМ-ге және Ресейдің Бішкектегі елшісіне жағдайға араласып, құтқару операциясын ұйымдастыруды сұрады.  

Қырғызстан тауында көз жұмды деген альпинистің ұлы Ресей билігінен көмек сұрады Фото: oxu.az

Қырғызстанда тау шыңында аяғынан жарақат алып, құтқарушылар жетпей "қайтыс болды" деген ресейлік альпинист Наталья Наговицынаның ұлы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты РБК-ға сілтеме жасап.

Михаил Наговицын анасының қаза тапқанына сенбейді, альпинистің тірі екеніне үміттеніп отыр.

"Болжамға сәйкес, қолайлы ауа райы жағдайлары алдағы 2 тәулік ішінде ғана сақталады. Осы уақыттан кейін құтқару операциясын жүргізу мүмкін болмайды. Анамның тірі екенін растау мақсатында дрондарды пайдаланып Жеңіс шыңында түсірілім ұйымдастыруға көмек көрсетуді сұраймын", – дейді Михаил Наговицын.

Күні кеше Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Наталья Наговицынаны қаза тапты деп мәлімдеген болатын.

Ол 12 тамыздан бері теңіз деңгейінен шамамен 7200 метр биіктікте, Жеңіс шыңындағы шағын алаңда қалып қойды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу