Қырғызстан Ұлттық банкі АҚШ долларын елден шығаруға тыйым салды

962

Қырғызстанның Ұлттық банкі коммерциялық банктерге, ақша айырбастау бюроларына және шағын несиелік компанияларға елден АҚШ валютасын экспорттауға уақытша тыйым салды, деп  "Интерфаксқа" сілтеме жасап inbusiness.kz хабарлайды.

Қырғызстан Ұлттық банкі АҚШ долларын елден шығаруға тыйым салды

Қырғызстан Ұлттық банкі басқармасының сенбі күні сайтында жарияланған шешіміне сәйкес  қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізу үшін республика Ұлттық банкінің лицензиясы бар коммерциялық банктер, айырбастау пунктері, микроқаржы және микрокредиттік компаниялар 17:30 (Мәскеу уақытымен 14:30) 11 наурыздан бастап қолма-қол АҚШ долларын елден тыс жерлерге шығаруға тыйым салынады.

Қаулыда уақытша шектеулер экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ішкі валюта нарығындағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында қабылданғаны айтылған.

Қырғыз валютасы – сомның АҚШ долларына қатысты ресми бағамы 2022 жылдың басынан бері 17,8%-ға төмендеп, жұмада 1 доллар 103,12 сом болды.

Осылайша, Қырғызстанның тәуелсіздік тарихында алғаш рет валюта бағамы 1 доллар 100 сом межесін еңсерді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу