Қырғызстанда білімі жоқ психологтарға жарнама жасауға тыйым салынбақ

431

Біліксіз психологтар қызметінен зардап шеккендер саны артқан.    

Қырғызстанда білімі жоқ психологтарға жарнама жасауға тыйым салынбақ Фото: msph.ru

Қырғызстан депутаттары арнайы білімі жоқ психологтардың жарнамасына тыйым салуды ұсынды. Жогорку Кеңештің әлеуметтік саясат жөніндегі комитеті "Жарнама туралы" заңға түзетулер енгізу туралы заң жобасын үш оқылымда қарап, мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты жергілікті басылымға сілтеме жасап.

Аталған заң жобасына Жогорку Кеңештің бір топ депутаты бастамашылық жасаған. Осылайша "Жарнама туралы" заңның 16-бабына толықтыру енгізу ұсынылып отыр. Негізгі кәсіби біліміне сәйкес келетін жоғары білімі жоқ адамдардың психологиялық қызмет көрсетуге бағытталған жарнамасына тыйым салу көзделуде.

Соңғы уақытта Қырғызстанда біліксіз психологтар мен экстрасенстердің қызметінен зардап шеккендер саны көбейген.

Жалпы бұл тақырыптың көтерілгеніне біраз болды. Kaktus басылымының жазуынша, соңғы жылдары елде психологиялық қызметтерге деген сұраныс артқан. Соның ішінде гештальт-терапия, гипнотерапия сияқты бағыттарға қызығушылық жоғары.

Заң жобасына бастамашылық жасағандар психологиялық көмек психиатриялық көмектен ерекшеленетінін баса айтады. Олардың пікірінше, психологтың кәсіби қызметпен айналысуы үшін міндетті түрде жоғары білімі болуы қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу