Қырғызстанда 15 шілдеде жоғалған қазақстандықты іздеу жұмыстары тоқтатылды

986

Туыстары мен құтқарушылар 29 жастағы Варвара Конопасевич өзенге батып кеткенін айтады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қырғызстанда 15 шілдеде жоғалған қазақстандықты іздеу жұмыстары тоқтатылды

ТЖМ-ге сілтеме жасап хабарлаған 24.kg Қаракөлден 29 жастағы туристтің бәтеңкесі мен шалбары табылғанын хабарлайды. Оны іздестіру жұмыстары тоқтатылған.

"Оның заттарын туристер тауып алып, құтқарушыларға тапсырды. Заттарын әке-шешелері таныды. Іздестіру жұмыстарын тоқтату туралы өтінішті Варвараның әке-шешесі айтты. Олар Ресейге қайтқалы отыр. Туған-туыстары мен құтқарушылар жоғалып кеткен бойжеткенді тірідей табу мүмкін еместігін айтады. Бойжеткен орманда жоғалып кетуі мүмкін деген нұсқа болған. Алайда олай емес екені анықталып отыр", - делінген министрліктің хабарламасында.

15 шілде күні кешке Қырғызстанның Ақ-Су ауданының ІІБ кезекші бөліміне Мәскеу облысының 51 жастағы тұрғынынан қоңырау түскен болатын. Ол жайлауға шығып кеткен қызының із-түссіз кеткенін хабарлаған. Отбасы Қырғызстанға Ресейден 14 шілдеде демалуға келген. Отбасы мүшелерінің үшеуі ресейлік болса, екеуі Қазақстан азаматы. Әкесінің айтуынша, Варвара 15 шілдеде ұялы телефонын фотосуретке түсу үшін сұрап алған. Әке-шешесі отын жинауға кеткен кезде қызы үлкен өзеннің қарағаны мол өскен көпірінде қалып қойған. Қайтып келген кезде Варвара жоғалып кеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу