Қырғызстанда 3 жаңа су электр станциясы салынбақ

127

Казарман ГЭС каскады жобасы аясында үш жаңа су электр станциясын салу жоспарланып отыр.  

Қырғызстанда 3 жаңа су электр станциясы салынбақ Фото: cawater-info.net

2025 жылғы 2 тамызда Қырғыз Республикасының Министрлер кабинеті мен "Ортаазиялық инвестициялық холдинг" АҚ арасында жобаны іске асыру бойынша инвестициялық келісімге қол қойылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жоба электр энергиясын өндіретін станцияларды жобалауды, салуды, пайдалануды және қызмет көрсетуді қамтиды.

Каскад құрамына мыналар кіреді:

  • Алабугин ГЭС – 600 МВт;
  • Қара-Бұлұң-1 ГЭС – 149 МВт;
  • Қара-Бұлұң-2 ГЭС – 163 МВт.

"Каскадтың жалпы белгіленген қуаты 912 МВт болады. Келісімге сәйкес, инвестиция көлемі шамамен 3 миллиард АҚШ долларын құрайды. Бұл қаражаттың барлығын инвестор қаржылай қамтамасыз етеді", – деп хабарлады Энергетика министрлігі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу