Қырғызстанда балаларға ине салынған кәмпиттер таратқан ер адам ұсталды

101

Барлық мән-жайды анықтау үшін қажетті сараптамалар тағайындалды. 

Қырғызстанда балаларға ине салынған кәмпиттер таратқан ер адам ұсталды Фото: ҚР ІІБ

Оқиға Бішкектегі "Ақ-Ордо" тұрғын үйі маңында болған. Ленин аудандық Ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, полицияға жергілікті тұрғын арызданған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әйелдің айтуынша, оның 11 жасар қызы мен басқа да балаларға белгісіз ер адам тәттілер таратқан. Кейінірек кәмпиттердің ішінен ине сынықтары табылған.

Аталған факті бойынша Ленин аудандық ІІБ тергеу қызметі қылмыстық іс қозғады. Барлық мән-жайды анықтау үшін қажетті сараптамалар тағайындалды.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында милиция қызметкерлері күдіктінің тұлғасын анықтады. Ол Н.Д. есімді азамат болып шықты. Ол ұсталып, Бішкек қалалық ІІБ-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту кезінде кәмпиттер мен тергеу үшін маңызы бар басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді", – деп жазылған Бішкек қаласының Ленин аудандық ІІБ баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу