Қырғызстанда бір қаланың атауы өзгерді

157

Қырғызстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары Жалал-Абад қаласының атауын Манас деп өзгерту туралы заң жобасын үш оқылымда мақұлдады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қырғызстанда бір қаланың атауы өзгерді Фото: Яндекс Карты

Министрлер кабинеті жанындағы Мемлекеттік қызмет және жергілікті өзін-өзі басқару істері агенттігінің директоры Құдайберген Базарбаевтың айтуынша, бұл бастама ұлттық идеологияны нығайтуға және қырғыз халқының батырлық тарихын ұлықтауға бағытталған.

Қалаға ел қорғаушы ұлы қаһарман Манастың есімін беру – тарихи әділеттілікті орнату деп бағаланып отыр. Атауды өзгертуге шамамен 15 миллион сом бөлінеді.

Қырғыз саясаткері Феликс Кулов та бұл бастаманы қолдап, Жалал-Абадтың мәртебесін көтеру жөнінде ой бөлісті.

Оның пікірінше, қала атауын Манас деп өзгерткен соң, оған әкімшілік астана мәртебесін беру туралы да қарастыру қажет.

– Мысалы, Нидерландта астана – Амстердам болса, мемлекеттік басқару орталығы – Гаага. Оңтүстік Африкада үш түрлі астана бар: Претория (әкімшілік), Кейптаун (заң шығарушы), Блумфонтейн (сот). Біз де осы үлгілерді ескеріп, Манасқа әкімшілік астана мәртебесін бере аламыз. Кейбір министрліктер мен мемлекеттік корпорацияларды оңтүстікке көшіру арқылы Бішкектің жүктемесін азайтар едік, – деді саясаткер.

Осылайша, Қырғызстанда тарихи тұлға Манастың есімі ресми түрде қалаға беріліп, елдің саяси картасында маңызды өзгеріс жасалғалы отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу