Қырғызстанда электр энергиясы тапшы

345

2023 жылы Қырғызстанда электр энергиясының тапшылығы 3,2 миллиард кВт/сағ құрайды. 

Қырғызстанда электр энергиясы тапшы Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы баспасөз мәслихатында республиканың Энергетика министрі Таалайбек Ибраев хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.

Министрдің айтуынша, күзгі-қысқы кезеңде гидроэлектростанцияларда 14 млрд кВт/сағ энергия әзірлеу жоспарланып отыр. Қазір ол 70-90 мегаватт жүктемені көтереді, қыста ол 500 мегаваттқа дейін өседі.

"Қырғызстан бойынша жалпы тұтыну 17 миллиард 400 миллион киловатт-сағатты құрайды. Біз 3,2 миллиард киловатт-сағат тапшылығын импорттауды жоспарлап отырмыз, яғни бізге 400 мегаватт қуат жетіспейтінін білдіреді. Осы жылы біз Түрікменстаннан 1,6 миллиард киловатт-сағат электр энергиясын импорттауды жоспарлап, келісімшарт жасадық. Қыркүйектен бастап Өзбекстан желілері арқылы транзитпен келіп жатыр. Сонымен қатар, 16 тамызда Астанада энергетикалық кеңестің отырысы өтті. Онда біз Қазақстаннан 1,5 миллиард киловатт/сағат электр энергия жеткізіледі деп келістік", — деді Ибраев.

Сонымен қатар, ол ресейлік "Интер РАО" компаниясымен қосымша 800 миллион кВт/сағ жеткізу туралы келісім бар екенін айтты. Алдағы қыста ресейліктер 400 миллион кВт/сағ жеткізеді.

"Біздің өзбек әріптестеріміз транзиттен басқа қосымша 250 миллион киловатт-сағат электр энергиясын жеткізетін болады. Бізде барлығы 3,8 миллиард киловатт сағат импортталады. Егер 3,2 миллиард киловатт-сағат тапшылығы бар десек, бізде 600 миллион киловатт/сағат артығымен қалады. Ертең қыстың қандай болары белгісіз, сондықтан артық етпейді", - деп түйіндеді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу