Қырғызстанда халықтың көзінше ұстап әкетілген шенеунік шартпен уақытша босатылды

158

Бішкек қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Жамалбек Ырсалиев уақытша ұстау изоляторынан босатылып, елден кетпеу туралы қолхатпен үйіне жіберілді.

Қырғызстанда халықтың көзінше ұстап әкетілген шенеунік шартпен уақытша босатылды Фото: utrk.kg

Бұл жөнінде Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін Бішкек қаласы әкімінің сол кездегі орынбасары Жамалбек Ырсалиев қызметтік өкілетін теріс пайдаланғаны үшін айыпталып, 16 шілдеде тағы бір азаматпен бірге ұсталған болатын. Тергеу аясында екеуі де ҰҚМК-нің тергеу изоляторына қамалған.

ҰҚМК мәліметінше, тергеу барысында Жамалбек Ырсалиев кінәсін толық мойындап, мемлекетке келтірілген залалды толық өтеген.

Осыны ескере отырып, 18 шілде күні Бішкектің Первомай аудандық соты екеуіне қатысты бұлтартпау шарасы ретінде тұрғылықты жерінен шығуға тыйым салу жөнінде шешім шығарды.

Қазіргі таңда істі тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Тергеу толық аяқталған соң, материалдар сотқа жолданып, түпкілікті шешім сол жерде қабылданбақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу