Қырғызстанда Қамшыбек Тәшиевтің орнына жаңа басшы тағайындалды

Енді Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы қызметін Жумгалбек Шабданбеков атқарады. 

Қырғызстанда Қамшыбек Тәшиевтің орнына жаңа басшы тағайындалды Фото: barakelde.org

Тиісті жарлыққа ел Президенті Садыр Жапаров қол қойған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

16 ақпан күні Жогорку Кенештің халықаралық істер, қорғаныс, қауіпсіздік және көші-қон комитеті Жумгалбек Шабданбековтің Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы лауазымына кандидатурасын қолдаған. 

10 ақпанда 5 жылдан аса Қырғызстанның "екінші адамы" болған Қамшыбек Тәшиев министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – ҰҚМК төрағасы қызметінен босатылды. 

Қамшыбек Тәшиевтен кейін төрағаның 3 орынбасары да бірден орнынан кетті. 

Қырғыз президенті Садыр Жапаров бірнеше күннен соң досы, Қамшыбек Тәшиевпен бетпе-бет кездескенін растаған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу