Қырғызстанда қазақстандық кәсіпкер Ерқанат Жұмабековке іздеу жариялады

279

Оған қылмыстық топты қаржыландырды деген айып тағылған.

Қырғызстанда қазақстандық кәсіпкер Ерқанат Жұмабековке іздеу жариялады Фото: gknb.official instagram желісінен

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті қазақстандық кәсіпкер Ерқанат Жұмабековке Қ.Асанбектің (Қамшы Көлбаев) ұйымдасқан қылмыстық тобын қаржыландырғаны үшін іздеу жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жұмабеков қылмыстық әлем көшбасшысы Камчы Асанбекпен достық қарым-қатынаста болған.

Сондай-ақ, Ыстықкөл облысының аумағында орналасқан "Барс" демалыс орталығының аумағында Асанбекпен бірнеше рет бос уақытын және кездесулерін өткізген. Асанбектің жақын туыстарына Алматы аумағына барған кезде барлық қаржылық көмек көрсеткен. 

“Аталған адам ТМД елдерінің аумағында өзінің бизнес мүдделерін қолдау, қамқорлыққа алу және экономикалық жобаларды ілгерілету мақсатында К.Асанбектің рэкет, бопсалау, қылмыстық қоғамдастық құрамында кәсіпкерлерден алымдарды жүзеге асыру түріндегі заңсыз әрекеттері мен қылмыстық қызметі туралы біле тұра, ТМД елдерінің аумағында өзінің бизнес-мүдделерін қолдау, қамқорлыққа алу және экономикалық жобаларды ілгерілету мақсатында тығыз байланыс орнатқан", - делінген хабарламада.

Е.Жұмабековке қатысты Бішкек қаласы Октябрь аудандық сотының қаулысымен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы сырттай сайланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу