Қырғызстанда кезектен тыс президент сайлауы 10 қаңтар күні өтеді

656

Орталық сайлау комиссиясының отырысында осындай шешім қабылданды.

Қырғызстанда кезектен тыс президент сайлауы 10 қаңтар күні өтеді

Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) төрағасы Нұржан Шайлдабекова егер Жогорку Кенеш мемлекет басшысының өкілеттігі аяқталғаннан кейін бір аптаның ішінде кезектен тыс президенттік сайлауды тағайындамаса, заңға сәйкес сайлау осы мерзім өткеннен кейінгі келесі күні ресми түрде тағайындалған болып саналатынын айтты. Бұл туралы 24.kg хабарлады.

"Бұдан кейін сайлау комиссиясы сайлау мерзімін екі күн ішінде ресми түрде жариялайды. Заңнамада мемлекет басшысының өкілеттігі аяқталғаннан кейін үш ай ішінде, яғни 2021 жылдың 16 қаңтарына дейін өткізілуі керек делінген", — деді Нұржан Шайлдабекова.

ОСК төрағасының айтуынша, сайлау әдетте демалыс күнінде өтетіндіктен, сайлау күнін 10 қаңтарда белгілеу ұсынылып, ОСК қолдаған.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу