Ресми ақпаратқа сәйкес, табиғи апаттың кіндігі Ош аймағындағы Қызыл ешме елді мекенінде 18 шақырым тереңдікте орналасқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жер сілкінісінен қаза тапқандар мен жараланғандар туралы ақпарат түскен жоқ.
Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрлігі жанындағы Сейсмикалық болжам мониторингі орталығының мәліметінше, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 02:34-те болған.
Жер сілкінісі көршілес Өзбекстанның Андижан, Наманган және Ферғана облыстарында сезілген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу