Қырғызстанда мэрлер мен әкімдерді президент тағайындайтын болды

724

Әкімдердің өкілеттігі кеңейді.

Қырғызстанда мэрлер мен әкімдерді президент тағайындайтын болды

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров "жергілікті мемлекеттік әкімшілік және жергілікті өзін-өзі басқару органдары туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Inbusiness.kz президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұл заңға сәйкес, мемлекет басшысы енді әкімдер мен мэрлерді өзі тағайындап, қызметтен босатады. 

Әкімдердің өкілеттігі де кеңейді. Олар статистика, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдары мен жергілікті әскери басқару органдарын қоспағанда, атқарушы биліктің мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерінің басшыларын қызметке тағайындай алады. Сондай-ақ оларға ауыл аймақтары және аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті өзін-өзі басқару атқарушы органдарының басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату өкілеттігі берілді.

Табиғат Нұрболат

Фото: aa.com.tr

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу