Қырғызстанда мешітте баласын көтеріп, қайыр сұраған ер адамның өтірігі әшкере болды

407

Ер адамның жеке басы анықталды. 

Қырғызстанда мешітте баласын көтеріп, қайыр сұраған ер адамның өтірігі әшкере болды Фото: Бейнежазбадан

Бішкекте баласы "дертке шалдыққанын" айтып, мешітте қайыр сұраған ер адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Полиция мешітте қайыршылық жасау фактісі бойынша тексеру жүргізді. Құқық қорғау органы Instagram желісінде тараған бейнежазбаны анықтаған. Видеода ер адамның намаз кезінде қолына баласын ұстап, халықтан ем-домға деп ақша жинап жүргені анық көрінеді.

Тәртіп сақшылары баланың ауыр дертке шалдыққанын айғақтайтын ешқандай ресми медициналық құжат таппады. Сонымен қатар желідегі пікірлер мен жиналған деректер ер адамның қала мешіттерін жағалап, бұл іспен тұрақты түрде айналысып келгенін айғақтайды.

Тәртіп сақшылары ер адамның жеке басын анықтады. Оған қатысты Қырғыз Республикасының Құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 126-1-бабы ("Қайыршылық") бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу