Қырғызстанда өлім жазасы қайта енгізілуі мүмкін

647

Бұған елдегі соңғы резонанстық оқиға себеп.  

Қырғызстанда өлім жазасы қайта енгізілуі мүмкін Фото: Султан Досалиев

Қырғызстан президенті өлім жазасын қайтаруды ұсынды. Бұл туралы Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Аскат Алагозов жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Президент Садыр Жапаров кәмелетке толмаған Айсулуу есімді қыздың аса қатыгездікпен өлтірілуіне қатысты істі жеке бақылауына алды. 

"Президент әкімшілігінің құқықтық қамтамасыз ету басқармасының жетекшісі Мурат Укушевке заңнамаға балалар, қыздар және әйелдерге қарсы қылмыстар үшін жазаны барынша қатаңдатуды көздейтін өзгерістер енгізу бойынша тапсырма берді. Атап айтқанда, бұл балаларды зорлағандар мен әйелдерді зорлап, өлтіргендер үшін өлім жазасын енгізу туралы нормаға қатысты. Садыр Жапаров балалар мен әйелдерге қарсы жасалған қылмыстар жазасыз қалмауы тиіс деп санайды", – деп жазды Аскат Алагозов желідегі парақшасында.

Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, Ыстықкөл облысындағы Қаракөл қаласының 2008 жылы туған тұрғыны 27 қыркүйекте жоғалып кеткен. Кейін кәмелетке толмаған қыздың мәйіті Жел-Арық ауылының маңынан табылған. Марқұм Айсулуудың денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталған. Күдікті Бішкекте ұсталды. Ер адам бұрын істі болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу