Қырғызстанда парламенттің жаңа спикері сайланды

131

Қырғызстан Жогорку Кеңешінің жаңа төрағасы болып депутат Марлен Маматалиев сайланды.      

Қырғызстанда парламенттің жаңа спикері сайланды Фото: kabar.kg

Марлен Маматалиевтің кандидатурасын парламенттегі "Ала-Тоо" және "Элдик" депутаттық топтары ұсынған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Дауыс беру қорытындысы бойынша:

  • 83 депутаттың 77-сі қолдады,
  • 5 депутат қарсы дауыс берді.

12 ақпанда парламент отырысында бұрынғы тораға Нурланбек Тургунбек уулу өз еркімен қызметінен кеткенін жариялаған еді.

Бұған дейін Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшылық құрамында ауқымды өзгерістер болғаны хабарланған.

Сондай-ақ:

  • Президент жанынан Мемлекеттік күзет қызметі құрылды;
  • Шекара қызметі ГКНБ құрамынан шығарылып, дербес құрылым – Қырғыз Республикасының Мемлекеттік шекара қызметі болып қайта ұйымдастырылды.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу