Қырғызстанда президент болуға 11 адам үмітті

374

Бүгін Қырғызстан президенті лауазымына кандидаттарды ұсыну мерзімі аяқталды.

 Қырғызстанда президент болуға 11 адам үмітті Фото: alash.kz

Алдын ала қорытындыға сәйкес, сайлауға қатысуға 11 адам ниет білдірген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қырғызстанның орталық сайлау комиссиясы үміткерлерді қолдау үшін сайлаушылардың электронды қолын жинау жалғасып жатқанын хабарлады. Тиісті кезең 2026 жылғы 8 желтоқсанға дейін жалғасады. Заңнамаға сәйкес, әрбір кандидат тіркелу үшін сайлаушылардың кемінде 30 мың қолын жинауы тиіс. Президент лауазымына үміткерлерді тіркеу 23 желтоқсанға дейін жүргізіледі. Сайлау 2027 жылғы 27 қаңтарға белгіленген.

24.kg агенттігінің жазуынша, президенттікке барлығы 11 адам үмітті. Олардың қатарында қазіргі президент, бұрынғы депутаттар, күштік құрылымдар мен мемлекеттік органдардың экс-басшылары, кәсіпкерлер және Орталық сайлау комиссиясының бұрынғы төрағасы бар.

Тізімде 10 ер адам және бір әйел бар. Кандидаттардың ең үлкені 72 жаста болса, ал ең жасы бірнеше күннен кейін 35-ке толады:

1. Аймен Касенов – кәсіпкер;
2. Азамат Эсенбеков – экономист, бұрынғы әкім;
3. Сыймык Жапыкеев – экономикалық қылмыстарға қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік қызметтің бұрынғы басшысы;
4. Акай Қыдыров – кәсіпкер;
5. Исхак Масалиев – саясаткер, Жогорку Кенештің бұрынғы депутаты;
6. Садыр Жапаров – қазіргі президент;
7. Бақтыбек Калмаматов – Жогорку Кенештің бұрынғы депутаты;
8. Бақытбек Адылов – көші-қон қызметінің бұрынғы басшысы
9. Амур Айба Медер – кәсіпкер;
10. Мамбетжунус Абылов – Орталық сайлау комиссиясының бұрынғы төрағасы;
11. Клара Сооронкулова – Жоғарғы соттың Конституциялық палатасының бұрынғы судьясы.

Үміткерлердің барлығы сайлауға саяси партиялардың атынан емес, өзін-өзі ұсынған. Кейбірі бұған дейін де президенттік науқандарға қатысқан болса, енді бірі үлкен саясатқа алғаш қадам басқалы тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу