Қырғызстанда президент сайлауы өтетін күн белгіленді

162

Көршілес елде кезекті президент сайлауы 2027 жылғы 27 қаңтарда өтеді.  

Қырғызстанда президент сайлауы өтетін күн белгіленді Фото: Inbusiness.kz коллажы

Бұл ақпаратты елдің Президент аппараты жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров "Қырғыз Республикасы президентін және Қырғыз Республикасы Жогорку Кеңешінің депутаттарын сайлау туралы" конституциялық заңға өзгерістер енгізу жөніндегі конституциялық заңға қол қойды.

Құжатқа сәйкес, кезекті президент сайлауы мемлекет басшысының өкілеттік мерзімі аяқталатын жылдың қаңтар айының төртінші сәрсенбісінде өтеді. Осылайша Қырғызстандағы келесі президент сайлауы 2027 жылдың 27 қаңтарына белгіленіп отыр.

Сонымен қатар Жогорку Кеңеш депутаттарының кезекті сайлауы да парламенттің қолданыстағы шақырылымының конституциялық өкілеттік мерзімі аяқталатын айдың соңғы сәрсенбісінде өткізілетін болады.

Хабарламада дауыс беру күнін жұмыс күніне ауыстыру сайлаушылардың белсенділігін арттыру мақсатында жасалғаны айтылған. Сайлау өтетін күн ресми түрде жұмыс істемейтін күн болып жарияланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу