Қырғызстанда сақал мен паранжа үшін айыппұл салынады

244

Тиісті заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды.

Қырғызстанда сақал мен паранжа үшін айыппұл салынады Фото: mavink.com

Қырғызстанда қоғамдық орындарда азаматтардың жеке басын анықтауға мүмкіндік бермейтіндей бетін жауып тұратын киім киіп, көлемді сақал қойған азаматтарға заң бойынша айыппұл салу ұсынылды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты 24.kg агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сонымен қатар, құқық бұзушылық туралы кодекске тиісті түзетулерді депутаттар қоғамдық талқылауға шығарды.

Дәлелдемеде атап көрсетілгендей, заң жобасы қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігі мен жеке тұлғаны сәйкестендіру және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу арасындағы тепе-теңдікті сақтауға бағытталған. Ол мемлекеттік органдардың қоғамдық орындарда жеке басын сәйкестендіруді шектейтін паранжа (бетті жауып тұратын гармонт) және көлемді сақал киюінің алдын алу және жолын кесу мақсатында жасалған. Алайда, шетелдіктер мен дипломаттарға қырынудың қажеті жоқ. Өйткені, оларға тыйым салынбайды.

"Ұсыныс жеке тұлғаны сәйкестендіру мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық орындарда азаматтардың киімі мен сыртқы түрін реттеуге бағытталған заңнамалық өзгерістерге қатысты. Мұндай заңдар адам құқықтарының негізгі қағидаларын, оның ішінде, жеке өмірге қол сұғылмаушылық пен жеке бас бостандығын құрметтеуі керек екенін ескеру үшін маңызды", - делінген құжатта.

Сондай-ақ, анықтамада заң жобасы азаматтарды діни сенімдері негізінде кемсітуге жол бермейтіндігі де баса айтылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу