Қырғызстанда саяжай кентіне ұшақтың құлауы салдарынан 32 адам қаза болды

901

Қырғызстанда саяжай кентіне ұшақтың құлауы салдарынан  32 адам қаза болды

"Turkish Airlines" әуе компаниясының "Боинг-747" жүк ұшағының "Саяжай" кентіне құлауы салдарынан қаза тапқандар 32 адамға жетті, деп хабарлады Қырғызстанның денсаулық сақтау министрі Талантбек Батыралиевке сілтеме жасаған жергілікті БАҚ. Бұл туралы "Интерфакс" жазып отыр.

Қазіргі таңда Қырғызстанның денсаулық сақтау, ТЖМ, көлік министрліктері басшылары  ұшақ құлаған ауданда жүр. Ол жерге премьер-министр Сооронбай Жээнбеков те келіп жетті.

Денсаулық сақтау министрінің мәлімдеуінше, тағы 8 адам жарақат алған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу