Қырғызстанда Шолпан-Ата декларациясы қабылданды

165

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.  

Қырғызстанда Шолпан-Ата декларациясы қабылданды Фото: akorda.kz

Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының бейресми Консультативтік кездесуінің қорытындысы бойынша Шолпан-Ата декларациясы қабылданды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Айта кетейік, негізгі жиында Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев сөз сөйледі.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия жаңа тарихындағы аса табысты кезеңді бастан өткеріп жатқанын атап өтті және Шартқа қосылғаны үшін Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовке алғысын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу