Қырғызстанда уақытша қолма-қол ақшаны елден шығару шектелді

386

Бұл туралы inbusiness.kz республика үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 

Қырғызстанда уақытша қолма-қол ақшаны елден шығару шектелді Фото: google

Мәселен, резидент еместерге және шетел азаматтарына республикадан 5 мың доллардан аспайтын қолма-қол ақша, ал Қырғызстанның резиденттері мен азаматтарына 10 мың доллардан аспайтын ақша әкетуге рұқсат етілді.

"Министрлер Кабинетінің тиісті шешімі қабылданғанға дейін Қырғыз Республикасынан қолма-қол шетел валютасын әкетуге уақытша тыйым салынды. Тиісті шешімге қаржы-экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ішкі валюта нарығындағы жағдайды тұрақтандыру, сондай-ақ ұлттық мүдделерді қорғау мақсатында Министрлер Кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров қол қойды", - делінген ақпаратта.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, резидент еместерге және шетел азаматтарына республикадан 5 мың доллардан аспайтын қолма-қол ақша, ал Қырғызстанның резиденттері мен азаматтарына 10 мың доллардан аспайтын ақша әкетуге рұқсат етілген.

"Қырғыз Республикасының резиденттері мен азаматтары 10 мың доллардан асатын сомада қолма-қол АҚШ долларын әкеткен жағдайда, белгіленген лимиттен асатын соманың 10% мөлшерінде төлем алынады", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу