Камчыбек Ташиев Ош облысының Өзген ауданы тұрғындарымен кездесуінде елде ұйымдасқан қылмыстық топтардың көзі жойылғанын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Арнайы қызмет басшысының айтуынша, ұйымдасқан қылмыстық топтармен ешқашан келіссөз болмайды. Олармен күрес заң аясында жүріп жатыр.
Камчыбек Ташиев ұйымдасқан қылмыстық топтар бұрын Өзген ауданының барлық ауылдарында болғанын айтты. Ұйымдасқан топтармен күрес шараларының аясында қылмыстық топтардың 7 көшбасшысы ұсталып, олар артынан қылмыстық идеологиядан бас тартты.
– Ұйымдасқан қылмыстық топтармен күресті мен өзім басқарамын. Бұл істің артында ұлттық қауіпсіздік, құқық қорғау органдары мен прокуратура, сот тұр. Бірлескен жұмыстың арқасында елдегі ұйымдасқан топтардың барлығының көзін жоямыз, – деді комитет басшысы.