Қырғызстанда жер сілкінісі болды

816

Оның магнитудасы 4, 5 балл деп бағаланды.   

Қырғызстанда жер сілкінісі болды Фото: Толқын

Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі бүгін Алматы уақытымен 11 сағат 24 минут 12 секунд кезінде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 338 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында болған.

"Зілзаланың энергетикалық санаты – 9.9. MPV магнитудасы - 4,5. Тереңдігі - 10 км. MSK-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түскен жоқ", - делінген "Алматы" кезекші операторының хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу