Қырғызстандағы KAZ Minerals кенішінде жұмыс тоқтатылды

932

"Бозымчак" кен-байыту кешеніндегі жұмысшылар тұтас  эвакуацияланған.  

Қырғызстандағы KAZ Minerals кенішінде жұмыс тоқтатылды

Жаппай тәртіпсіздікке байланысты Қырғызстандағы KAZ Minerals кеніші 6 қазаннан бастап жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. "Бозымчак" кен-байыту кешеніндегі жұмысшылар тұтас  эвакуацияланған. Компания өкілдері таратқан мәлімдемеде: "Елдегі жағдай тұрақталғанша, өндірісті жалғастыра алмаймыз, өйткені қызметкерлеріміздің қауіпсіздігі мен денсаулығы біз үшін бәрінен маңызды!" делінген.

KAZ Minerals тобы – Қазақстандағы ең ірі мыс пен алтын өндіруші. Оның өндіріс ошақтарының бірі қырғыз жерінде орналасқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу