Қырғызстандықтар саны 7 млн-ға таяды

754

Осы жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша Қырғызстан халқының саны 6 миллион 977 мың адамды құрады.  

Қырғызстандықтар саны 7 млн-ға таяды

Санақ нәтижелерін өңдеудің алғашқы кезеңдерінің нәтижелері бойынша нақты статистика анықтала бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz  Қырғызстан Республикасының ұлттық Статистика комитетіне сілтеме жасап.

"2022 жылдың маусым-тамыз айларында Ұлттық Статистика комитеті Қырғызстанның 2022 жылғы халық санағы мен тұрғын үй қорының деректерін өңдеудің бірінші кезеңін өткізді. 2022 жылғы тамыздан бастап адам санын есептеу 2022 жылғы халық санағының қорытындысы негізінде жүргізіледі және 1 тамыздағы жағдай бойынша 6 млн 977 мың адамды құрады", – делінген ведомство сайтында жарияланған хабарламада.

Қырғызстанның тұрақты халқының саны 2009 жылғы санақпен салыстырғанда 13 жылда 1,6 млн адамға өсті және жыл сайынғы орташа өсу қарқыны 2,1%-ды құрады.

Қырғызстан Ұлттық Статкомының айтуынша, өңдеу кезеңі аяқталғаннан кейін, 2023-2024 жылдар ішінде халықтың экономикалық белсенділігі мен жұмыспен қамтылуы бойынша 2022 жылғы халық санағы мен тұрғын үй қорының қысқаша қорытындыларын, сондай-ақ республика өңірлері, халықтың көші-қоны, тұрғын үй қоры мен халықтың тұрғын үй жағдайлары, республиканың үй шаруашылықтары мен отбасыларының құрамы бөлінісінде деректерді сипаттайтын жарияланымдар шығарылатын болады.

"Қазіргі уақытта түзету кезеңі жүргізілуде, оның барысында алынған деректер логикалық қателерге тексеріледі және ағымдағы демографиялық есепке алу деректерімен салыстырылатын болады. Бұл кезең ағымдағы жылдың соңына қарай аяқталады", – деп нақтылады ведомствода.

Динара Мұрат

Фото:kyrtag.kg

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу