Қырғызстанмен шекарада 80 тонна жанар-жағармайды жасырып өткізбек болғандар ұсталды

1318

Тауар ілеспе құжаттар бойынша "құрама" жүк ретінде рәсімделген.

Қырғызстанмен шекарада 80 тонна жанар-жағармайды жасырып өткізбек болғандар ұсталды

6 наурызда Қазақстан-Қырғызстан шекара учаскесінің "Қарасу" (Жамбыл облысы) автомобиль өткізу пунктінде 80 тонна "АИ-92" маркалы жанар-жағармай материалдарын заңсыз тасымалдамақ болғандар ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жанар-жағармай материалдарын заңсыз тасымалдаушылар мұнай өнімін цемент қаптарының арасына жасырып өткізбек болған.

"Екі жүк машинасын тексеру кезінде цистерналардың сырты ағаш үгіндісі салынған қаптармен жабылғаны анықталды. Ұсталған жанар-жағармай материалдары Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне берілді", – деп жазылған хабарламада.

Айта кетсек, қазіргі уақытта Қазақстан аумағынан бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу