Қырғызстанның 4 компаниясына санкция салынды

357

Атап айтқанда, “РМ Дизайн энд Девелопмент”, "ГТМЭ Технологии", "Прогресс лидер" және "Карголайн" компанияларына қарсы шектеу шаралары енгізілді.

Қырғызстанның 4 компаниясына санкция салынды Фото: kaktus.media

АҚШ Қаржы министрлігі Ресейге санкцияланған тауарларды жеткізген 4 қырғызстандық компанияға санкция жариялады, деп жазады inbusiness.kz қырғызстандық БАҚ-қа сілтеме жасап.

АҚШ Қаржы министрлігінің санкциялар тізіміне ресейлік "Базис Трейд Прософт", "Радиотехснаб", "Регион-проф", "Технологии, системы и комплексы" және "СиАйСи" компаниялары да енді. Оларға қырғызстандық компаниялар өз өнімдерін жеткізді деген ақпарат тарады.

"Ресей Украинаға басып кіргеннен бері Қырғызстанда орналасқан компаниялар Ресейге электронды компоненттер мен басқа технологияларды экспорттап келген", - деп хабарлады АҚШ Қаржы министрлігі.

Айта кетейік, осыған дейін Қырғызстан санкциялардан сескеніп отырмағанын жазған болатынбыз. Бұл ретте Австралия 35 ресейлік ұйымға қатысты жаңа санкциялар жариялады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу