Қырғызстанның бұрынғы вице-премьері ұсталды

448

Бұл туралы Қырғызстанның ішкі істер министрлігі хабарлады.  

Қырғызстанның бұрынғы вице-премьері ұсталды Фото: akipress.org

Қырғызстанның бұрынғы вице-премьері Жениш Разақов алаяқтық жасады және лауазымын пайдаланды деген айыппен қамауға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz akipress.org сайтына сілтеме жасап.

"Жениш Разақов 2017 жылы өзінің лауазымын пайдаланып, 1 млн АҚШ доллары көлеміндегі қаражатты алаяқтық жолмен алды деген күдікке ілінді", - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Қазір қылмыстық іс қозғалып, Жениш Разақов тергеу изоляторына қамалған.

Айта кетейік, Жениш Разақов 2017 жылы Қырғызстан қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, 2017-2018 жылдары Қырғызстан президентінің кеңесшісі, ал 2018-2020 жылдары Қырғызстанның вице-премьер-министрі болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу