Қыркүйек айында 102,2 мың автокөлік есепке қойылды

Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10,9% жоғары.  

Қыркүйек айында 102,2 мың автокөлік есепке қойылды Фото: kolesa.kz

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылғы қыркүйекте 102,2 мың бірлік автокөлік құралы есепке қойылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,9% көп, оның ішінде жеңіл автомобильдер – 10,4%-ға, жүк автомобильдері – 20,8%-ға, автобустар саны 5,6%-ға артты. 

Мәселен, 2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны  4 362 мыңды құрады, оның ішінде 87,8%-ы жеңіл автомобильдер, 10,2%-ы жүк автомобильдері және 2%-ы автобустар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу