2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Қыркүйекте офлайн оқу басталады

1850

Үкімет отырысында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осылай мәлімеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Қыркүйекте офлайн оқу басталады

Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, жаңа оқу жылында 4 апталық жазғы мектеп ұйымдастырылады.

"Жаңа оқу жылына дайындық жоспарға сәйкес жүргізілуде. Оқу жылы дәстүрлі түрде 1 қыркүйекте басталады және 34 аптаны қамтиды. Сонымен қатар тағы 4 апта жазғы мектеп ұйымдастыру жоспарланды. Мектептер желісі жаңа мектептердің ашылуына байланысты өсті. Соның ішінде мемлекеттік мектептермен қатар, жекеменшік мектептердің де саны артты", -– деді министр.

Оның сөзінше, биыл мектепте 3 млн 600 мыңға жуық бала білім алады.

"Колледждер контингенті - 470 мың, университет студенттерінің саны 650 мың адам. Жаңа оқу жылының басталуы туралы бұйрық және арнайы дайындалған әдістемелік нұсқаулық бекітіліп, аймақтарға жіберілді", – деді Асхат Аймағамбетов.

 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу