Қыркүйекте төл валюта 4,6%-ға нығайды

657

Ұлттық банк валюта нарығына қатысты мәлімдеме жасады.

Қыркүйекте төл валюта 4,6%-ға нығайды Фото: bizmedia.kz

Реттеушінің мәліметінше, қыркүйек айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 АҚШ долларына 440,49 теңгеге дейін нығайды. Бір айдағы өсім 4,6% болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қыркүйекте Қазақстан қор биржасындағы валюталық сауда-саттықтың жалпы көлемі 10,4 млрд долларды құрады. Орташа күндік сауда көлемі 415 млн доллардан 474 млн долларға дейін өсті.

Өткен айда Ұлттық қордан 200 млн доллар көлемінде валюта сатылды. Бұл биржадағы жалпы сауда көлемінің 1,9%-ына тең. Ұлттық банк ай ішінде валюталық интервенция жүргізген жоқ.

Сонымен қатар алтын сатып алуды теңестіру операциялары аясында қыркүйекте шамамен 374 млрд теңге айналымнан алынды. 2026 жылдың төртінші тоқсанында осы операциялар аясында шамамен 907 млрд теңгеге баламалы шетел валютасын сату жоспарланған.

Бұдан бөлек, Ұлттық банк БЖЗҚ активтерінің валюталық үлесін сақтау мақсатында қыркүйекте биржада 986 млн доллар көлемінде шетел валютасын сатып алды. Бұл жалпы сауда көлемінің шамамен 9,4%-ын құрады.

Ұлттық банк алдағы уақытта теңге бағамының динамикасы нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа, салық төлемдеріне, әлемдік нарықтардағы жағдайға және геосаяси факторларға байланысты қалыптасатынын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу