Қыркүйекте жаңа тұрғын үйлердің бағасы көтерілді

1612

Қазақстанда жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы қыркүйекте тамызбен салыстырғанда – 0,7% пайыз, жыл басынан бері 11,7%-ға өсті, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросына сілтеме беріп.

Қыркүйекте жаңа тұрғын үйлердің бағасы көтерілді

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, абаттандырылған екінші нарықтағы тұрғын үйдің бағасы бір айда 1%-ға өсті (жыл басынан бері 18,2%-ға өсті). 

Абаттандырылған тұрғын үйді жалдау ақысы 2,5%-ға өсті (жыл басынан бері 14,1%). 
Республика бойынша, қыркүйекте жаңа тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің бағасы 346,152 мың теңге, ал екінші рет сатылып жатқан тұрғын үй бағасы 275,866 мың теңге болды. Тұрғын үйді жалға алу – 1,877 мың теңге. 

7 қазандағы доллардың ресми курсы – 424,82 теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу