Қыркүйектен бастап студенттердің шәкіртақы мөлшері қалай өзгереді?

431

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мемлекеттік стипендияларды тағайындау қағидаларына өзгерістер әзірледі. 

Қыркүйектен бастап студенттердің шәкіртақы мөлшері қалай өзгереді? Фото: Liter.kz

Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп жазады inbusiness.kz.

Қаулыға сәйкес, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушыларға ай сайынғы мемлекеттік стипендия келесі мөлшерде белгіленеді:

  1. даярлаудың педагогикалық бағыттарында және "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша білім алатын студенттерді қоспағанда, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын студенттерге – 41898 (қырық бір мың сегіз жүз тоқсан сегіз) теңге;
  2. жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың педагогикалық бағыттарында білім алатын студенттерге – 67200 (алпыс жеті мың екі жүз) теңге;
  3. жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша білім алатын студенттерге – 67200 (алпыс жеті мың екі жүз) теңге;
  4. интерндерге  – 75890 (жетпіс бес мың сегіз жүз тоқсан) теңге;
  5. магистранттарға – 97024 (тоқсан жеті мың жиырма төрт) теңге;
  6. "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымында білім алатын магистранттарға – 181 250 (жүз сексен бір мың екі жүз елу) теңге;
  7. докторанттарға  – 217500 (екі жүз он жеті мың бес жүз) теңге;
  8. 8) даярлаудың "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша докторанттарға – 217500 (екі жүз он жеті мың бес жүз) теңге;
  9. 9) даярлаудың "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша резидент-дәрігерлерге және магистранттарға – 111579 (жүз он бір мың бес жүз жетпіс тоғыз) теңге;
  10. мемлекеттік органдардан оқуға жіберілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттарына соңғы жұмыс орны бойынша лауазымдық айлықақысының деңгейінде, бірақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алатын магистранттар үшін белгіленген мемлекеттік стипендияның мөлшерінен төмен емес;
  11. техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмысшы біліктіліктері бойынша оқитын студенттерге – 32681 (отыз екі мың алты жүз сексен бір) теңге;
  12. техникалық және кәсіптік (орта буын мамандарын даярлауды көздейтін), орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын студенттердің мемлекеттік стипендиясы – 31422 (отыз бір мың төрт жүз жиырма екі) теңге.

Құжат алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап, 2023 жылғы 1 қыркүйектен ерте емес қолданысқа енгізіледі деп көрсетілген.

Қаулы жобасы 12 маусымға дейін көпшілік талқылауына ұсынылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу