Қырылған құсқа өтемақы төленеді

890

Құжаттар дұрыс болған жағдайда ақша 3 күннің ішінде түседі. 

Қырылған құсқа өтемақы төленеді

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева елімізде құс тұмауынан қырылған қанаттыларға өтемақы төленетінін жеткізді. Оның сөзінше бұл мәселемен Эпизоотияға қарсы жасақ айналысады. Ал орташа бағаны әкімдіктер жанында құрылған комиссия бекітеді. 

"Қырылған құсқа ресми өтемақы төлейтін ұйым – Эпизоотияға қарсы жасақ деп бекітілді. Жыл бойы барлық әкімдіктерде арнайы комиссия жұмыс істейді. Олар қырылған құстардың нарықтық орташа бағасын анықтайды. Әкімдіктер негізінде өңірдің ветеринарлық қызметінен жасақ барлық материалдарды қабылдап алады. Кейін құжаттар дұрыс болған жағдайда нарықтағы орташа баға бойынша құс иесінің жеке шотына өтемақы 3 күнге дейінгі уақыттың ішінде жіберіледі", – деді спикер. 

Вице-министрдің сөзінше Эпизоотияға қарсы жасақ қорында 390 млн теңге бар. Ол жеке адамдарға қырылып қалған құстары үшін төленеді. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу