Қырылған құстарға берілетін өтемақы мөлшері бекітілді

854

Арнайы комиссия шешімімен әр тауыққа тұқымына қарай 944 теңгеден 1346 теңгеге дейін беріледі.  

Қырылған құстарға берілетін өтемақы мөлшері бекітілді

Солтүстік Қазақстан облысында қырылған құстарға берілетін өтемақы мөлшері бекітілді, деп хабарлайды  Аtameken Business.      

Қаз өсірушілерге әр бас үшін мемлекет 5321 теңге төлейді. Ең бағалысы күркетауықты кәсіп еткендер 7 жарым мың теңгеден алады. Жалпы елдің солтүстік өңірінде 200 мыңнан аса құс қырылған. Олардың басым бөлігі Бескөл ауылына қарасты екі шағын ауданда тіркелді. Қазір мұнда орналасқан ірі фабрикада бірде-бір құс қалмады. Қауіпті аурудан оның 250 мыңы жойылды. Тұмау өңірдегі 55 елдімекенге тарап, тіпті, Петропавлға дейін жеткен. Қазір аймақтағы үй құстары түгелдей тексеруге алынуда. Бұл аталмыш аурудың қайта өршімесі үшін жасалған мәжбүрлі шара дейді мамандар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу