Қырымбек Көшербаев жаңа қызметке тағайындалды

Бұған дейін ол мемлекеттік хатшысы болған.

Қырымбек Көшербаев жаңа қызметке тағайындалды Фото: inform.kz

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ Басқармасының шешімімен Қырымбек Көшербаев "Ембімұнайгаз" АҚ тәуелсіз директоры және директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұл туралы "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ баспасөз қызметі хабарлады.

2019-2022 жылдар аралығында Қырымбек Көшербаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болды.

Еске салайық, Мемлекет басшысының Жарлығымен Көшербаев биылғы жылдың 5 қаңтарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметінен босатылған.

Ол 1955 жылы дүниеге келген. В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын және КОКП ОК Қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген.

Осы жылдары Президент Әкімшілігін басқарды, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының әкімі болды.  Білім министрі қызметін атқарды, Денсаулық сақтау министрлігін басқарды және т.б.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу