"Қышқыл бұлттар": Ираннан Қазақстанға ауған бұлттар туралы ақпарат шындыққа жанаспайды

109

Мониторинг мәліметтеріне сәйкес, мұндай ластанудың Қазақстан мен Орталық Азия елдеріне қарай жылжу белгілері байқалмайды.    

"Қышқыл бұлттар": Ираннан Қазақстанға ауған бұлттар туралы ақпарат шындыққа жанаспайды Фото: haberler.com

"Қазгидромет" РМК мұндай ақпараттар ғылыми деректерімен расталмағанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Синоптиктер БАҚ пен әлеуметтік желіде тараған Иран аумағынан Қазақстан мен Орталық Азия елдеріне қарай жылжып келе жатқан "қышқыл бұлттар" туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

"Иран үстінде пайда болды делінген және Орталық Азия елдеріне жетуі мүмкін деген "қышқыл бұлттар" туралы ақпарат ғылыми деректермен де, жүргізілген бақылаулармен де дәлелденбеген. Қышқыл жауын-шашындар атмосфераға негізінен өнеркәсіп, энергетика және көлік көздерінен бөлінетін күкірт пен азот оксидтерінің әсерінен түзіледі. Әдетте мұндай құбылыстар ластаушы көздерге жақын аймақтарда байқалады. Ауа массалары алыс қашықтыққа таралған кезде бұл заттардың концентрациясы атмосферадағы табиғи процестердің әсерінен едәуір төмендейді", – делінген "Қазгидромет" таратқан мәлімдемеде.

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы азаматтарды Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ұлттық метеорологиялық және экологиялық қызметтері ұсынған ресми мәліметтерге сенуге және тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырады.

Айта кетейік, Израиль Тегерандағы мұнай қоймаларын атқылаған. Reuters агенттігінің Израильдегі дереккөзі қоймадағы мұнай қару-жарақ жасауға, сондай-ақ әскери базалардың жұмысына пайдаланылғанын айтқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу