Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 105,8 пайызды құрады

1683

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 105,8 пайызды құрады

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2017 жылғы қаңтар-маусымда 2016 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 105,8% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ң 60%-н аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді. Бұл туралы stat.gov.kz хабарлайды.

2017 жылғы қаңтар-маусымда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 3283,7 млрд. теңгені құрады, бұл 2016 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 3,7% артық.

2017 жылғы қаңтар-маусымда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 10578,3 млрд. теңгені құрады, бұл 2016 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 7,8% өсімді көрсетті. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі 9,4%, өңдеу өнеркәсібінде 6,5%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 5,1% артты. Сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда өндіріс көлемі 0,2% төмендеді.

2017 жылғы қаңтар-маусымда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 887,5 млрд. теңгені құрап, 2016 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 3,1% артты.

2017 жылғы қаңтар-маусымдағы "Көлік" саласы бойынша нақты көлем индексі 103,9%-ды құрды.

2017 жылғы қаңтар-маусымда жүк айналымының көлемі 257,3 млрд. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2016 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 6,9% артты. Жолаушылар айналымының көлемі 127,9 млрд. жкм құрап, 3,1% артты.

2017 жылғы қаңтар-маусымдағы "Байланыс" саласы бойынша нақты көлем индексі 102,5%-ды құрды.

2017 жылғы қаңтар-маусымдағы "Сауда" саласы бойынша нақты көлем индексі 102,4%-ды құрды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу