Қысқы Олимпиаданың жабылу салтанатын қайдан көруге болады

107

Бүгін, 22-нен 23 ақпанға қараған түні Италияның Верона қаласында 2026 жылғы XXV қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қысқы Олимпиаданың жабылу салтанатын қайдан көруге болады Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Тікелей трансляция Қазақстан уақыты бойынша 23:45-те басталады және "Qazaqstan", "Qazsport" және "Хабар" телеарналарынан көрсетіледі.

Іс-шара көне "Арена ди Верона" амфитеатрында өтеді.

Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өткен Олимпиада "Beauty in Action" ("Қозғалыстағы сұлулық") атты шоуымен аяқталады.

Жабылу салтанатына дәстүр бойынша барлық қатысушы елдердің делегациялары, оның ішінде Қазақстан да қатысады – спортшылар аренадан салтанатты түрде өтеді. Бұл Олимпиадада Қазақстан құрамасының сапында 36 спортшы өнер көрсетті, олар спорттың 10 түрі бойынша жарысқа қатысты.

Жабылу рәсімі 2030 жылғы қысқы Олимпиаданың астанасы – Француз Альпілеріне олимпиадалық туды тапсырумен аяқталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу